{metadescription}
Паркингте той жасаған ақтаулыққа айыппұл салынды
Паркингте той жасаған ақтаулыққа айыппұл салынды

Паркингте той жасаған ақтаулыққа айыппұл салынды

Ақтау тұрғыны паркингте той жасағаны үшін 90 мың теңге айыппұл арқалады. Ол карантин кезінде отбасының қуанышын көпқабатты үйдің астындағы көлік тұрағында өткізген.

- Паркингте ешкім той көрмеген шығар. Біз, міне, бастап жатырмыз.

Әлеуметтік желіге таралған видеода 25 жылдан бері той басқарып жүрген асаба паркингтегі тойды алғаш көргенін айтып таң қалып тұр. Той иесі карантин  шектеуіне байланысты мейрамхана таппаған болса керек, тұрғын үйдің көлік тұрағын тойханаға айналдырған. Сәндеп шар іліп, кілем жайып, төрт қатар үстел қойған. Кейін белгілі болғандай, мұнда беташар өткен екен. Той иесінің айтуынша, отбасы қуанышына бар-жоғы 50-ге жуық тума-туыс пен достары жиналыпты. Мобильдік топ өкілдері әлі пайдалануға берілмеген «Сабыр» тұрғын үй кешенінің мердігерлерін де жазалады. Паркингте той өткізуге рұқсат берген құрылыс компаниясы енді 670 мың теңге айыппұл төлеуі тиіс.

Еркін Елеусізов, Ақтау қаласы, полиция басқармасы бөлім бастығының орынбасары:

Учаскелік полиция инспекторлары жан-жақты жұмыс істеп, іс-шараны ұйымдастырған, басқарған адам анықталып, одан қысқаша түсініктеме алынды. Шағын аудандағы «Сабыр» тұрғын үйінде болған. Кеше түскі уақыт шамасында болған. Қазір мобильді топ жұмыс істеуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.