{metadescription}
Қарағанды облысы сотының судьясы карантинде той жасаған
Қарағанды облысы сотының судьясы карантинде той жасаған

Қарағанды облысы сотының судьясы карантинде той жасаған

Санитарлық шектеулерге қарамастан той жасаған Қарағанды облыстық сотының судьясына қатысты қызметтік тексеріс басталды. Карантин кезінде той тойлап жүрген Естай Исабеков мерейтойдың шырқын бұзған мобильді топқа доқ көрсеткен.

- 80 жасқа толған анамның тойы! Несіне сонша шүйліктің?!

Облыстық соттың судьясы анасының мерейтойын қаланың беделді мейрамханасында дүркіретіп өткізген. Той енді қыза бастағанда мобильді топ сау етіп кіріп келген. Бірақ облыстық соттың судьясы Естай Исабеков тексерушілерге дөрекі сөйлеп біраз ерегіскен. Тіпті тәртіп сақшыларына маскасын шешуді талап етіп, іште прокурорлар да демалып отырғанын айтыпты. Дегенмен құзырлы органдар мейрамхана қожайыны мен той иесі Естай Исабековтің бауырына айыппұл салынғанын жеткізді. Бұл оқиға осыдан бір ай бұрын болған. Бірақ видео әлеуметтік желіге таралып кеткен соң ғана судьяның мәселесі Әдеп кеңесінде қаралатын болды.

Еркеш Мәукен, Қарағанды облыстық сотының судьясы:

- Бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желіде жарияланған Қарағанды облысының судьясы Исабековқа қатысты бейнетаспа бойынша қызметтік тексеріс жүргізілді. Тексеру материалдары Қарағанды облысы бойынша судьялар одағы филиалының сот әдебі жөніндегі комиссиясына жіберілді.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.