{metadescription}
Байқоңырлықтар Нұрәлінің аман-есен табылуын тілеп отыр   
Байқоңырлықтар Нұрәлінің аман-есен табылуын тілеп отыр   

Байқоңырлықтар Нұрәлінің аман-есен табылуын тілеп отыр   

Байқоңырда жоғалған екінші бала әлі табылмай жатыр. Құтқарушылар 8 жасар Нұрәліні күні бойы дамыл таппай іздегенімен, еш нәтиже болмай тұр. Екінші сынып оқушылары өткен сенбіде жаттығудан шығып, ұшты-күйлі жоғалып кеткен. Араға бір күн салып, ұлдардың бірінің денесі Сырдария өзенінен табылды.

Байқоңырлық Ерхан мен Нұрәлі Сырдария жағасын тамашалауды ұнатқан. Ал өзеннің суға толғаны 8 жасар ұлдарды тіпті қызықтырса керек. Оқушылардың бірі жоғалардан екі күн бұрын бұл көріністі видеоға түсіріп анасына жіберіпті.

- Мама қарашы. Су бәрі. Мына жақта менің досым.

Екінші сынып оқушылары өзен жағасында орналасқан спорт кешеніне келіп жүрген. Өткен сенбіде оларды ата-анасы еш алаңсыз кезекті жаттығуға жібереді. Алайда сол күні балалар спорт кешенінен шығып ұшты-күйлі жоғалып кетті. Бұл жағдай тек Қазақстан емес, Ресей құтқарушыларын да аяғынан тік тұрғызды. Келесі күні мамандар судан бірінің мәйітін алып шықты.

- Міне, бір баласы осы жақтан табылды деп айтып жатыр. Барлығы осы жақта жүр, міне.

Ерханның денесінде зорлық белгілері болмаған. Осыдан кейін облыс әкімі жантүршігерлік оқиға болған Байқоңыр қаласына арнайы барып, қапыда қара жамылған ата-анаға көңіл айтты.

Гүлшара Әбдіхалықова, Қызылорда облысының әкімі:

- Қанша үміттенсек те, өкінішке қарай, тікұшақпен ұшу барысында қаладағы мәдениет және демалыс саябағы ауданында сүңгуірлер Анас Ерханның мәйітін тапты. Жүргізілген сот-медициналық сараптамаға сәйкес, оның денесінде зорлық-зомбылық өлім белгілері жоқ. Ерханның ата-анасымен кездесіп көңіл айттым. Ол отбасындағы үш баланың үлкені болған екен.

Хабар-ошарсыз кеткен Нұрәлі әлі табылмай жатыр. Қос елдің құтқарушылары бүгін күні бойы оны судан да, жағалаудан да іздеумен болды. Бұл жұмысқа еріктілер де ат салысуда. Оқушыны іздеуге екі елді қосқанда, 300-ге тарта адам, 30 шақты техника және бір тікұшақ жұмылдырылған.

Саид Молдақараев, Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары:

- Су астында 700 метрге дейінгі қашықтықта іздестіру жүргізілді. Кинологиялық қызмет бес шақырымға дейінгі қашықтықта Сырдарияның жағалауымен іздеді. Бірақ еш нәтиже берген жоқ.

Құтқарушылар мен еріктілер жұмысты қараңғы батқанда уақытша тоқтатады. Сөйтіп іздеу ертең жалғасады. Есеңгіреп қалған байқоңырлықтар Нұрәлінің аман-есен табылуын тілеумен отыр.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде