{metadescription}
Вакциналау: Министрлік журналистерді емханаға кіргізбеді
Вакциналау: Министрлік журналистерді емханаға кіргізбеді

Вакциналау: Министрлік журналистерді емханаға кіргізбеді

Бүгін «Спутник» вакцинациясының екінші дозасын қабылдау басталды. Денсаулық сақтау министрінің қос орынбасары бастап, жүздеген дәрігер қостап, Covid-19-дан қорғану үшін препаратты қайта салдырды. Ал Ерлан Қиясов пен Ажар Ғиниятты осы жолы ешқандай журналист сұрақтың астына алып қаумалаған жоқ.

Жалпы елімізде бүгінге дейін 20 мыңдай медицина қызметкеріне коронавирусқа қарсы екпе салынған. «Санитарлық ережені сақтаймыз» деп бекінген министрліктің бүгінгі онлайн көрсетілген шарасы қалай өткізілді?  

Елордадағы №6 емханаға 21 күннен кейін қайта ат ізін салып тұрмыз. Дәл осы емдеу мекемесінде бүгінде денсаулық сақтау вице-министрлері коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші дозасын салдырды. Өкінішке қарай, екпені шенеуніктердің қалай қабылдағанын тек онлайн көрдік. Санитарлық талаптарды қатаң ескерген министрлік бұл жолы журналистерді емханаға кіргізбеді.

Үш аптадан соң, №6 қалалық емханаға таңмен жеткен денсаулық сақтау вице-министрлері вакциналау алгоритімі бойынша, алдымен дәрігер қабылдауында болып, кейін «Спутник V»-ді алды. Медициналық бақылауда 30 минут отырды. Вип-пациенттер енді үш күн жуынбауы керек.

- Үш тәулік жуынбайсыз. Аздап ісуі мүмкін.

Ресейлік ГамКовидВак-тың бірінші дозасынан еш жағымсыз әсер байқамаған қос шенеунік бүгінгі қайта вакциналаудан кейін де жағдайының жақсы екенін мәлім етті. «Коронавирустан толық қорғалдық» деп отыр. Бұл екеуі секілді Қазақстанда 20 мыңдай медицина қызметкері екпенің бірінші дозасын салдырған. Олардың арасында әзірге COVID-19 жұқтырғандар жоқ.

Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі:

- Елімізде 19908 адамға осы ресейлік «Спутник V» екпесі салынды. Бүгіннен бастап медициналық қызметкерлерге екінші екпе салына бастады. Коронавирусты жеңудің бірде-бір шарасы, өз организмімізді иммунитетпен қорғау, сол үшін мына әзірленген, тиімді деген, қауіпсіз деген вакцинаны салдыруды сұраймыз.

Медицина қызметкерлерінің ізін ала, педагогтер, студенттер, полицейлер мен әскери сала мамандары екпе алады.

Денсаулық сақтау министрлігі жыл соңына дейін алты миллионға жуық адамға вакцина салуды жоспарлап отыр. Еліміздің бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың студент қызы да вакцина салдыру кезегін күтіп жүр екен.

Ерлан Қиясов, ҚР Бас санитар дәрігері:

Отбасы мүшелерімнің арасында тегін вакцина салдыруға тек үлкен қызымның мүмкіндігі бар. Ол жоғары оқу орнының студенті. Вакцина салдыруға жазылып та қойды. Кезегі келгенде алады.

Жақында ғана Қазақстан аумағында тіркелген ресейлік вакцинаның екі компоненті түсі жағынан ерекшеленеді. Біріншісі – көк, екінші компонент қызыл түсті. Ал бір флакон 5 адамға екпе салуға арналған.

Қазір препарат Қарағанды фармацевтикалық кешенінің базасында өндірілуде. Ақпанда  90 мың доза, наурызда  150 мың доза, сәуірден маусымға дейін  ай сайын 600 мың дозаға жеткізу жоспарда.

Қазақстандық вакцина әзірге үшінші клиникалық сынамада. Ол сәуір айында аяқталса, зерттеу жүргізіліп, кейін ел аумағына таратылады.

QazCovidIn дайын болғанда, оны ең бірінші денсаулық сақтау министрі Алексей Цой салдырады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде