{metadescription}
Ақсуда автобус артқа жүріп кетіп, жеңіл көлікті талқандады – Павлодар облысы
Ақсуда автобус артқа жүріп кетіп, жеңіл көлікті талқандады – Павлодар облысы

Ақсуда автобус артқа жүріп кетіп, жеңіл көлікті талқандады – Павлодар облысы

Ақсу қаласында тоқтап тұрған автобус артқа жүріп кетіп, жеңіл көлікті талқандады. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ.

Аялдамада тұрған автобус кейін жүріп кеткенде сол жердегі жолаушылардың зәресі ұшқан. Өйткені артында басқа да көлік болыпты. Жұрт айғайлап, жүргізушіге белгі бергенімен, тізгіндегі жүргізушіге техника бағынбаған. Қоғамдық көлік жеңіл машинаны соғып, біраз жерге дейін итеріп әкетті. Осы сәтте автобуста болған 3 жолаушы мен жеңіл көліктегі 2 адам сыртқа шығып үлгерген. Ал жүргізуші тежегіші істен шыққан ауыр көлікті жол жиегіне шығарып, қалың қарға тіреп тоқтатты.

Жасқайрат Қайыров, Павлодар облыстық ПД бастығының орынбасары:

- Автобус қала ішінде жолаушылар тасымалдайтын серіктестікке тиесілі. Қазір аталған жол апаты бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сондай-ақ техникалық сараптама тағайындалды. Сараптама қорытындысынан кейін ғана процессуалдық шешім шығарылады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде