{metadescription}
«Қазақмыс» зейнеткерлері баспанасынан айырылып, тентіреп кетуі мүмкін
«Қазақмыс» зейнеткерлері баспанасынан айырылып, тентіреп кетуі мүмкін

«Қазақмыс» зейнеткерлері баспанасынан айырылып, тентіреп кетуі мүмкін

Жезқазғанда «Қазақмыс» корпорациясында көп жыл еңбек етіп зейнетке шыққандар тұрып келген баспаналарын жекешелендіре алмай жүр. Өйткені баспана мемлекеттің балансында екен.

Соның слдарынан құжат рәсімдеуге заң жүзінде кедергі көп. Сондықтан алды 25 жыл баспанада тұрып келгендерге «Қазақмыс» пәтерлерді жекешелендіріп бере алмайтынын айтады. Енді тұрғындар далада қалуы мүмкін. 

Дәулет пен Айнұр тұл жетімдер. Ата-анасы осы компанияның отымен кіріп, күлімен шығып жүріп дүниеден оған. Енді көзі жәутеңдеген екі бала қайда барарын білмейді. Әке шешесі көзі тірісінде талай құжатты жинап өткізсе де, баспананы жекешелендіріп ала алмапты.   

Дәулет Бексыздықов, Жезқазған қаласының тұрғыны:

- Қорқасың ғой, баспана өзіңдікі болмағаннан кейін, нақты шешім айтылмағаннан кейін. 20 жылдан асты, әке-шешеміздің үй деп жұмыс істеп өткендеріне. Осы уақыт ішінде ипотекамен болсын, үй алып қалатын едік. Үй марқұм анамның, әкемнің көзі ғой. Қарындасымды ойлаймын, енді қалған осы екеуіміз ғана.

Жетімдердің күнін осы үйдегі 45 пәтер тұрғындарының барлығы басынан өткеріп отыр. Жұрт 20 жыл бұрын баспанаға кіргенде «кейін жекешелендіріп аласыңдар» дегенге сеніп, басқа үй де ала алмай келіпті.

Гүлнар Байқоңырова, Жезқазған қаласының тұрғыны:

- Бұл үйді жекешелендірмейді деп басында бізге айтса, біз осы 23 жылдан бері тұрамыз, біз ендігі алатын едік қой үйді. Біздің алдымызда зейнетке шыққан кісілер әлі күнге дейін үйді ала алмай отыр. Қаншама жыл еңбегіміз сіңді, жөндеуін жасадық. Бір жері кетіп қалса, көршілермен ұрсысып жүріп өзімміз жалдап жасатып аламыз. Құбырларын ауыстырдық, бәрін өзіміз жөндейміз.

«Қазақмыста» жұмыс істейтіндер қоныстанған көрші үйдегілер мүлікті бұрындары-ақ жекешелендіріп алған екен. «Соны көргеннен кейін бізге де баспана бұйырып қалар деген сеніммен келгенбіз - дейді тұрғындар. Алайда құжат жинап келгенде шикілік шыққан.  

Қайрат Бапанов, Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары:

- «Қазақмыс» корпорациясы бұл жерді өзіне алу рәсімдеп керек. Содан кейін сол жерде тұрып жатқан азаматтарына үлестіріп беруі керек. Бұл жерде біздің Жезқазған қаласы әкімдігінің көмегі «Қазақмыс» корпорациясына сол кісілердің сұрауы бойныша сол жер беру. Кезінде жер рәсімделмеген, сондықтан осы мәселе туды.

Компания мәліметінше, жергілікті билік жауапкершілікті «Қазақмысқа» артып, мәселеден жалтарып отыр. Өйткені мемлекет балансындағы дүниені жекешелендіруге компанияның қақысы жоқ. Сондықтан меселені жергілікті биліктің өзі қолға алып шешуі тиіс екен.

Басыбайлы емес баспананың тұрғындары соңғы 20 жылдан бері үміт пен үрейдің ортасында күнелтіп келеді. 1998 жылы берілгенде ғимараттың есік, терезесі жоқ аңғал-салғал еді. Бар тапқан-таянғанын осы үйді жөндеуге жұмсап келгендер қай күні «үйді босат» десе, қайда тентіреп кетерімізді білмейміз дейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде