{metadescription}
Ескерту: Ақмола облысында – ақтүтек боран, батыста – көктайғақ
Ескерту: Ақмола облысында – ақтүтек боран, батыста – көктайғақ

Ескерту: Ақмола облысында – ақтүтек боран, батыста – көктайғақ

Ақмола облысында ақтүтек боран басылмай тұр. Ұйытқыған желден қарыс қадам көрінбегендіктен, республикалық маңызы бар жолдар жабылды. Ал батыста  ауа райы құбылып, жылымықта еріген қар күн суытқанда мұзға айналды. Көктайғақта жығылып, мертіккендер көбейген.   

Ерболат Әшкенов, Атбасар аудандық ТЖБ бастығы:

- Атбасар ауданынан шығатын барлық республикалық және облыстық маңызы бар жолдар ауа райының қолайсыздығына байланысты уақытша жабылды.Осыған орай жүргізушілерді қала сыртына ауылдық мекен сыртына ауа райы тұрақтанғанға дейін жолға шықпауларын сұраймыз.

Бұл түске дейін берілген мәлімет. Ол жолдар сол бойы әлі ашылған жоқ. Түс ауа Нұрсұлтан-Петропавл, Көкшетау-Омбы, Екатеринбург-Алматы мен ауданаралық тас жолдар түгел жабылды. Өйткені боранда таяқ тастам жер көрінбейді. Ал ескертпені елемей жолға шыққандар ұзын-сонар кептелісте  қаңтарылып тұр. Ауа райын болжаушылар сынап бағанасы 25 градус төмен болып, аяз болады деп ескертуде.

Ал еліміздің батысында ауа райы құбылмалы. Кеше ғана күн жылынғандай болса, қазір боран ұйтқып кетіп, аяз қысқан. Соның салдарынан көшелер  көктайғаққа айналып тұрғындардың жүріп-тұруы қиындапты. Құлап мертіккендер де көбейген. Дәрігерлердің айтуынша,соңғы 6 күнде 210 адам медициналық көмекке жүгініпті. Қол-аяғы сынып, басын жарып алғандарда жетерлік.

Асхат Бейсенғалиев, Атырау облысы ауруханасының бөлім меңгерушісі:

- Көшеден жарақат алғандардың саны көбейді, тайғақтың кесірінен көшеде құлағандар. Сонымен қатар жол көлік оқиғалары да айтарлықтай көбейді. 11 науқас травматология бөлімшесіне түсті. 30 науқасқа әр түрлі сынықтарына байланысты гипс салынып, үйіне қайтарылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде