{metadescription}
Қарағандыда құйылатын ресейлік вакцина қолданысқа енді
Қарағандыда құйылатын ресейлік вакцина қолданысқа енді

Қарағандыда құйылатын ресейлік вакцина қолданысқа енді

Тұрғындарға бұдан былай Қарағандыда құйылатын ресейлік «Спутник V» вакцинасы егіле бастайды. Сынақтан сәтті өткен препараттың 90 мың дозасы ертеңнен бастап аймақтарға жөнелтіледі.   

Қарағандыда келесі айда 150 мың, ал сәуірден бастап 600 мың доза шығарылып, күзге дейін ұзын саны 2 миллион доза құйылады деп күтілуде. «Осылайша халықты коронавирусқа қарсы вакцинамен қажетті деңгейде қамту жұмысы кезең-кезеңімен жүзеге асырылады» - дейді өңірге арнайы келген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары.

Ал ресейлік вакцинаны өзімізде өндіру үшін алдымен аз мөлшерде Гамалея атындағы ғылыми орталыққа жіберіп, сапасын тексертіп сынақтан өткізген. Сөйтіп еліміз бұл вакцинаны қолдануды мақұлдаған әлемдегі 27-ші мемлекеті болып отыр. 

Фармацевтикалық кешен қажетті биологиялық сұйықтықты Ресейден алады. Оларды араластырып, қажетті сүзгілерден өткізіп, құтыларға құйған соң, бір ай карантинде ұстайды. Оны тасымалдауда да талаптар күшті. Сондықтан вакцинаны өндіру мен егуге дейінгі аралық қатаң бақылауда болады.

Ералы Тоғжанов, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:  

Қарағандыда шығарылатын өзіміздің өндіріс орнында вакцинаның 90 мың дозасы осы жерде шығарыла бастады. Осы жұманың аяғына дейін бүкіл облыстардың барлығына толық жеткізіледі. Сондықтан соның дайындығы туралы тағы да бақылап, қайта қарап, тексеруге бір жағынан келдік.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде