{metadescription}
Екібастұзда белгісіз біреу көшеде ер адамды атып кетті
Екібастұзда белгісіз біреу көшеде ер адамды атып кетті

Екібастұзда белгісіз біреу көшеде ер адамды атып кетті

Екібастұз қаласында белгісіз біреу көптің көзінше ер адамды атып өлтірді. Алған жарақатынан жас шамасы 50-ге таяп қалған жергілікті тұрғын оқиға орнында жан тапсырған.

Оқыс жағдай бүгін таңғы сағат сегіздер шамасында болған. Кейінірек қанды қылмыс жазылған видео әлеуметтік желіге тарады. Онда болған оқиға анық көрінеді. Ер адам қоқыс тастап қайтып келе жатады. Сол кезде бұрышта жасырынып тұрған белгісіз біреу алдынан шығып оған оқ атып қашып кеткен. Сәлден соң қайта оралып, жерде жатқан адамды тағы да атқан. Сөйтіп өзі із суытады. Қара түсті киімдегі бетін тұмшалаған қаскөй әлі табылмай жатыр. Ал әлеуметтік желіде марқұмның «Кегок» АҚ-да  электромонтер болып істегені айтылуда. Қазір қылмыскерді іздеп жатыр.   

Жасқайрат Қайыров, Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары:

- Белгісіз қарудан оқ атылған. Ер адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Дерекке қатысты ҚР ҚК 99-бабы 1- бөлігімен іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір қылмыс жасаған кісіні анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.