{metadescription}
Қазақша жарнама енді қатесіз жазылуы тиіс
Қазақша жарнама енді қатесіз жазылуы тиіс

Қазақша жарнама енді қатесіз жазылуы тиіс

Қазақстандағы қазақша жарнама енді қатесіз жазылуы тиіс. Бүгін мәжілісмендер көрнекі ақпараттардағы көз сүрінетін қателерді реттейтін заңды бірінші оқылымда мақұлдады. Былтыр сауатсыз аудармаларға қатысты мәдениет министрлігіне халықтан 3 мыңға жуық шағым түскен. 

Ақтоты Райымқұлова, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

Көрнекі ақпаратқа қатысты заңбұзушылық бойынша мемлекеттік органдарға 2018 жылы 12 886 өтініш, 2019 жылы 12 900 өтініш түскен. 2020 жылы көрнекі ақпараттар бойынша жедел желіге (call center) келіп түскен шағымдар саны3442.  

«Құқығымызды таптады» деп арызданған бұқараның талабын ескерген министрлік сақау жарнамаларды ретке келтіруге 13 заңнамалық актіні қайта түзетеді. Ол: денсаулық сақтау жүйесі, тіл, көлік, жарнама, тамақ өнімдері, ойыншықтар, пошта, кино туралы заңдар. Кинематографияда елімізде әлі де фильмдер қазақшаға сауатсыз аударылып жүр. Енді кинотуындыларды қазақ тілінен дұрыс тәржімаламаған компаниялар прокаттау құжатынан айырылады.

Елімізге сырттан келетін фильмдерге прокаттау куәлігі беріледі. Аталған құжатсыз компаниялардың шетелдік киноларды көрсетуге құқықтары жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде