Көп қабатты үйдегі жойқын жарылыс – Петропавл
Петропавлдағы көп қабатты үйде болған жойқын жарылыстың видеосы пайда болды. Астыңғы қабаттағы дәмханада болған дүмпу бейнебақылау камерасына анық түсіп қалған.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
24.02.2021
Видеодан екі адамның өмірін қиған жарылыстың жойқын болғанын аңғаруға болады. Үш күн бұрын болған оқыс жағдай қарсы ғимараттағы бақылау камерасы түсіп қалыпты.
21-ақпанда Петропавлдағы көп қабатты үйдің бірінші қабатында орналасқан дәмханалардың бірінде газ жарылып, екі адам қайтыс болды. 16 адам медициналық көмекке жүгінген. Қазір зардап шеккен бір бойжеткеннің халі өте ауыр. Ал баспаналары бүлінген өзге тұрғындар уақытша жатақханаға орналастырылды. Жергілікті билік қираған үйді бюджет есебінен қалпына келтіріп беруге уәде берді.
Гүлнар Қалиева, СҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:
- Жарылыстан зардап шеккен науқастар ауруханада емделіп жатыр. Олар сегіңз адам. Екеуі облыстық ауруханада. Бір қыз жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы аса ауыр. Облыстық балалар ауруханасында 10 жастағы баланың жағдайы тұрақты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!