{metadescription}
Өртенген үйде екінші ұлын құтқара алмай құшақтап өлді – Ақмола облысы
Өртенген үйде екінші ұлын құтқара алмай құшақтап өлді – Ақмола облысы

Өртенген үйде екінші ұлын құтқара алмай құшақтап өлді – Ақмола облысы

Ақмола облысындағы Алексеевка ауылында үй өртеніп, газ баллоны жарылды. Өрт басталғанда баласын құтқарып үлгерген 30 жастағы азамат жарылыстан соң екінші ұлымен бірге үйден шыға алмай қалды. 

Евгений Кох, марқұмның досы:

- Бір партада отырған, кішкентайдан бірге өскен сыныптас досым еді. Кім білген, «Сашка жанып жатыр» деген айғайдан ояндым. Тұра жүгірдік, не керек, үлгермедік. Газ баллоны жарылып, үйден қайта шықпай қалды. Қолымыздан түк келмеді.

Өрт  жұрт шырт ұйқыда жатқанда басталыпты. Үй иесі тілсіз жау күш алғанда ғана оянған. Жанұшыра бір жарым жастағы ұлын далаға шығарыпты. Қайтіп  кіріп ұйқыдағы 6 жасар ұлына алып шықпақшы болғанда газ баллоны жарылған. Күшті дүмпуден үйдің қабырғалары құлап, шатыры көкке ұшқан. Үйінді астынан құтқарушылар баласын денесімен жауып жатқан екеуінің мүрдесін тауыпты. Ал оқыс оқиға болғанда балалардың анасы ауруханада жатқан. 30 жастағы Александр үйінде екі ұлымен қалған. Доломитовый зауытында слесарь болып жұмыс істеген марқұм отбасына да, жұмысына да  өте жауапты азамат болған  дейді көршілері.

Манарбек Шапағатов, Ақмола облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

- Хабар келіп түсе, Көкшетаудан да, Зерендіден де өрт сөндіруге 20 адам және 5 арнайы көлік жіберілді. Ішкі істер органдары тергеу жүргізіп жатыр. Өртке техникалық сараптама жасалды. Өрттің неден тұтанғаны анықталып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде