{metadescription}
«Азия Кредит банкі» салымшыларының ақшасын қайтарып жатыр
«Азия Кредит банкі» салымшыларының ақшасын қайтарып жатыр

«Азия Кредит банкі» салымшыларының ақшасын қайтарып жатыр

«Азия Кредит банкі» салымшыларының ақшасы таратыла бастады. Бүгін төлем жасауды жүргізетін «Еуразиялық банк» бөлімшілеріне клиенттер ағылды. Жарты күннің ішінде 4 миллиард қайтарылған. Бұл жалпы таратуы қажет соманың 21 пайызына тең.

Әділ Өтембаев, «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ төрағасы:

Клиенттердің лек-легімен келіп жатқанына қарамай, қатты қарбалас байқалмайды. Салымшылардың дені ақшаны қайтару шартымен алдын ала танысып, өзіне ыңғайлы бөлімшені таңдап келіп жатыр. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қору салымшыларға жалпы 19 млрд теңге қайтарады.

Клиенттерге ақша қайтару бүгіннен басталып, 1-мамырға дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында 23 мың салымшының құйған қаржысын қайтаруға дәмесі бар. Құрдымға кеткен «Азия Кредит банкі» депозитіндегі жиған-тергенін клиенттер шетел валютасында – 5 миллион, ұлттық валютада – 10 млн теңгеге дейін қайтара алады.

«Азия Кредит банкі» 12-ақпанда ресми түрде жұмысын тоқтатқан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.