Өртке қатысты қайғылы оқиғаларға кінәлілер қатаң жазаланады
Жамбыл, Қызылорда облыстарында және Петропавл қаласында болған қайғылы оқиғаларға тергеу жүргізіліп, кінәлі лауазымды тұлғалар жазалануы керек. Бір топ Мәжіліс депутаты Үкімет басшысына бүгін осындай талап қойды.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
24.02.2021
«Адам өліміне әкеп соқтырған өрт елде әлі де күрмеулі мәселелердің бар екенін көрсетті» деп, халық қалаулылары ашынып отыр. Былтыр ғана қайта құрылған Төтенше жағдайлар министрлігінің жұмысы мардымсыз. Мәселен, өткен жылы болған тоғыз мыңдай тілсіз жаудан 200-ден аса адам көз жұмған. Айтып келмейтін апаттан сақтануға депутаттар Министрлер кабинетіне жер үйлерді, көп қабатты тұрғын үйлерді жіті тексеруді ұсынды. Ал Жаңатас, Қызылорда және Петропавлдағы қайғылы жағдайға кінәлілер жазасын алуы тиіс.
Фахреддин Қаратаев, Мәжіліс депутаты:
- Жаңатас, Қызылорда және Петропавлдағы оқиғаларға қатысты жүргізілген тергеу нәтижелері бойынша кінәлі лауазымды тұлғаларға ең қатаң шаралар қабылдап және бұл туралы БАҚ-на ақпарат беруді ұсынамыз. Осы оқиға тиісті жергілікті атқарушы органдарға үлкен сабақ болуы қажет.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!