{metadescription}
Тасқынның алдын алуға жауапты шенеуніктер күмән тудырды 
Тасқынның алдын алуға жауапты шенеуніктер күмән тудырды 

Тасқынның алдын алуға жауапты шенеуніктер күмән тудырды 

Су тасқынының алдын алуға жауапты шенеуніктердің адалдығына халық қалаулылары күмән келтірді. Мәжілісмендер «жыл сайын жағдайды бақылауда ұстаймыз» деп әкім-қаралар уәде берсе де, бәрібір қара халық су астында қалып жатыр деген пікірде. 

«Ал мұның себебі ақжағалылардың немқұрайлығында емес, бюджет ақшасын қалтаға басып қалу ниетінде» - дейді депутаттар.

Өйткені су тасқынының салдарын жоюға қарағанда, онымен күреске қаражат көбірек бөлінеді. Мәжілісмендердің есебінше, былтыр тілсіз жауды болдырмас үшін қазынадан 8 миллиард теңгеден астам қаржы берілсе, оның зардабын жоюға екі есе көп ақша аударылған. Бұлай бюджеттің миллиардтаған шығындарының бөлінуіне таңданыс білдірген депутаттар халық ешқандай жақсылығын сезінбеді деген пікірде. Төтенше жағдайлар министрлігі биыл да 300-ге жуық елді мекеннің су астында қалу қаупі бар деп хабарлаған.

Артур Платонов, Мәжіліс депутаты:

- Су тасқынының алдын алуға бөлінген қаржы оның салдарын жоюға бөлінген сомадан неге көп екені аздап ойландырады. Жақын күндері 500 гидротехникалық құрылғыға күрделі жөндеу қажеттігі айтылды. Жергілікті жерлердегі әкімдіктер жағдайдың әрдайым бақылауда екенін айтып жүр. Алайда жыл сайын материалдық шығын өсіп жатыр. Бұл халықты әбден шатастырады. Тасқын салдарын жоюға ақшаны көп бөлгеннен гөрі, онымен күресті күшейткен дұрыс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде