Шымбұлаққа қарай жолда ағашқа асылып өлген әйел кім?
Алматы полициясы таудағы ағашқа асылған күйі табылған әйелдің кім екенін әлі анықтай алмай отыр. Ағашқа асылып тұрған мәйітті осыдан екі күн бұрын тауда жаттығу жасап жүрген спортшылар көріп хабарлаған.
Автор: Аруна Ортай
24.02.2021
Евгений Лысенко, Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі жетекшісінің орынбасары:
- Медеу ауданының таулы аймағында еуропалық нәсілді 40-45 жастағы белгісіз әйелдің денесі табылды. Жеке басы анықталып жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Әйелдің денесі Медеуден жоғары Шымбұлаққа қарай көтерілетін жерден табылған. Жол бойындағы ағашта асылып тұрған мәйітті тaңсәріде тауға серігуге шыққан әуесқой спортшылар тобы көріпті. Шамамен 40 жастан асқан әйел таудың арнайы костюмін киген екен. Куәгерлердің айтуынша, арқанға асылып тұрған мәйіт бір қолын жоғары көтерген күйі қатып қалған. Марқұм өз-өзіне қол жұмсады ма, әлде оған қастандық жасалды ма, ол әзірге белгісіз. Полиция қандай баппен іс қозғалғанын да құпия ұстап отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!