{metadescription}
Алматыда 70-тен астам үй өртенген
Алматыда 70-тен астам үй өртенген

Алматыда 70-тен астам үй өртенген

Алматыда соңғы кездері тұрғындардың салғырттығынан өрт көбейген. Жылу маусымы басталғалы қаладағы пеш жағатын 70-тен астам баспана отқа ораныпты. Өкінішке қарай, бұл көрсеткіш жылдан жылға көбейіп барады.

Төтеншеліктер шаһардың орталығындағы жер үйлерді тағы аралап шықты. Әсіресе пеш жағатын үйлерге жеке-жеке кіріп, өрт қауіпсіздігі ережесін түсіндіріп жүр. Мамандар ошақты әктеу, мұржаны тазалау, жанғыш, не электр құралдарын пештен аулақ ұстау керегін ескертіп жүр. Бірақ соның өзін жұрт елемейді екен. Көбіне қауіпсіздік сақтамайтындар – әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен араққа салынған тұрғындар. Олар өрт сөндірушілердің сөзіне құлақ аспайды. Тіпті рейд кезінде үйіне кіргізбей, қиғылық салатын көрінеді. Мамандар тәртіпке бағынбаған тұрғындарға жаппай айыппұл салудан басқа амал жоқ деп отыр.

Виктор Выхристов, Бостандық аудандық ТЖ басқармасының аға инженері:

- Адамдар пеш жаққанда қарапайым ереже сақтамайды. Пешті дұрыс орнатпайды. Соның кесірінен өрт көбейген. Ал кемшіліктерді түзетіңдер деген ескертуді көбі елемейді. Біз рейдке жиі шығамыз. Сөзімізге құлақ аспақ түгілі, есігінен сығалатпайтындар бар. Енді тәртіпке бағынбағандарды шетінен жазалаймыз. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қаңтар

03 қаңтар

02 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде