{metadescription}
Армения: Никол Пашинян мәселерді талқылауға дайын екен мәлімдеді
Армения: Никол Пашинян мәселерді талқылауға дайын екен мәлімдеді

Армения: Никол Пашинян мәселерді талқылауға дайын екен мәлімдеді

Армения әскерилері премьер-министрдің отставкаға кетуін талап етті. Қарулы күштер Никол Пашинянмен қоса, Үкіметтің де тарауы керек дейді. Ал Үкімет басшысының өзі әскерилерді төңкеріс жасамақ болды деп айыптады.

Әскерилердің наразылық білдіруіне Бас штаб басшысы бірінші орынбасарының қызметінен босатылуы себеп. Мұндай шешімді кеше Пашинянның ұсынысы бойынша ел президенті қабылдаған. Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, қызметінен босатылған әскери бұған дейін Пашинянның сөзін күлкіге айналдырған. Ал қарулы күштердің бүгінгі талабынан соң, премьер-министр Бас штаб басшысын да қызметінен босатқанын мәлімдеді.

Осыдан кейін Ереван тұрғындары да жаппай көшеге шығып, Үкімет басшысына наразылық білдіруде. Ашулы халық жолдарды жауып жатыр. Ал әскерилер биліктің халыққа қарсы күш қолданбауын сұраған. Көпшіліктің қарсылығына тап болған Никол Пашинян жақтастарын Республика алаңына жинап, туындаған мәселерді талқылауға дайын екен мәлімдеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

02 қаңтар

01 қаңтар

31 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.