Жаңаөзенде азық-түлік алмақ болған балабақша директоры жауапқа тартылды
Жаңаөзенде 22 миллиард теңгеге азық-түлік алмақшы болған балабақша директоры жауапкершілікке тартылды. Қалалық білім бөлімі оған қатаң сөгіс беріп, бухгалтерді жұмыстан шығарды.
Автор: Айман Нұрмағанбет
25.02.2021
Екі екі апта бұрын мемлекеттік сатып алу порталына «Рахат» балабақшасы 22 миллиардқа балалардың тамағын сатып аламыз деп конкурс жариялаған. Есепші бір жылға қажет 10 тонна еттің орнына 10 000 тонна деп жазып, келісін 2200 теңгеден сатып алуға тендер жариялаған. Алайда техникалық қате кеткен тендер дереу тоқтатылды. Жауаптылар олқылық түзетілген бойда, конкурс қайта жарияланатынын жеткізді.
Ысқақ Құлатай, Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің басшысы:
- Қаражат бюджеттен бөлінбейді. Бұл ата-аналардың жарнасы болып есептеледі. Өзінің міндетін тиісті орындамағаны үшін бөбекжай директоры тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Оған қатаң сөгіс жарияланды. Ал есепші жұмыстан шығарылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!