{metadescription}
Петропавлда газ баллоны жарылған үй тұруға жарамды деп танылды
Петропавлда газ баллоны жарылған үй тұруға жарамды деп танылды

Петропавлда газ баллоны жарылған үй тұруға жарамды деп танылды

Петропавлда газ баллоны жарылған бес қабатты үй тұруға жарамды деп танылды. Жойқын жарылыстан қираған ғимаратты тексерген мамандар осындай қорытынды шығарды.Қатты бүлінбеген пәтерлерге тұрғындар сенбіден бастап қайта кіруіне болады дейді шенеуніктер.   

Игорь Киселев, сараптама мекемесінің өкілі:

- Техникалық сараптау аяқталды. Қорытындысын жергілікті атқарушы билікке тапсырдық. Енді ары қарай жобалау мекемелері жобалау жұмысы  мен құрылымын қайта қалпына келтірумен айналысады. Ғимараттың жақтаулары мен негізгі қабырғалары көп зақымданбаған.

Алдын ала болжам бойынша, газ баллоны бірінші қабаттағы дәмханалардың бірінде болған.Екі адамның өмірін қиған жарылыста бірінші және екінші қабат қатты зақымданды. 8 адам әлі де ауруханада,оның екеуі жансақтау бөлімінде жатыр. Апаттан кейінгі үйінділерді жинаған соң, үйдің бүлінген жерлері қалпына келтіріле бастады. Аязды күндері ғимаратта жылуды сақтап тұру үшін жұмысшылар сараптама нәтижесін күтпей, терезе орнатып, жылу жүйесін жамап-жасқауда. Ал мамандар жарылыстан ғимараттың үштен бір бөлігі ғана бүлінгенін хабарлады. Қазір ең маңыздысы – 8 төбе жабындысын жабу. Оны бекіте ме, әлде мүлдем ауыстыра ма, оны мамандар шешеді. Ал қала басшылығы бірде-бір тұрғын көмексіз қалмайды деп сендірді.  

Болат Жұмабеков, Петропавл қаласының әкімі:

- Тізіммен қазір бәрін қарастырып, 300 мыңның маңайында төлем болады. Ал кейбір бюджетке ілікпегендер, оларға қорда жиналған қаражатаке бәріне көмек беріледі. Оған комиссия құрылған. Бір-екі күнде төлем жасала бастайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

27 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде