{metadescription}
Ковид-19: 46 науқас жасанды тыныстау аппаратына қосылды   
Ковид-19: 46 науқас жасанды тыныстау аппаратына қосылды   

Ковид-19: 46 науқас жасанды тыныстау аппаратына қосылды   

Коронавирус пен пневмониядан өлім-жітім азаймай тұр. Соңғы тәулікте 7 адам көз жұмды. Оның үшеуі вирустан, төртеуінің өкпе қабынып қайтыс болған. Тағы 46 адамның халі нашарлап, жасанды тыныстау аппаратына қосылды.   

240 науқас – ауыр, ал 53 адам аса ауыр халде. Ал індет жұқтырғандар 800-дей науқасқа көбейді. Басым көпшілігі – Алматыда. Мұнда бір күнде 100 адамнан індет анықталды.

Ауырып жатқан науқастар 20 мыңнан асты. Оның 13 мыңы – коронавирус, 7 мыңы пневмонияға шалдыққандар. Ал 46 сырқаттың өкпесі асқынып, жасанды тыныстау құрылғысына қосылды. Өкінішке қарай, қайғылы жағдайлар тағы қайталанды. Соңғы мәліметтер бойынша, 7 адам көз жұмған. Үшеуі – індеттен, төртеуі пневмония мен вирустың қатар келген түрімен ауырған. Ал 700-дей адам індеттен құлан-таза жазылған. Әсіресе Ақмола мен Қостанай облыстары және Алматыда жазылғандар көп.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде