{metadescription}
Мұғалжарда газ баллоны жарылып, 11 жасар бала көз жұмды
Мұғалжарда газ баллоны жарылып, 11 жасар бала көз жұмды

Мұғалжарда газ баллоны жарылып, 11 жасар бала көз жұмды

Ақтөбе облысындағы ауылдардың бірінде газ баллоны жарылып, 11 жасар бала мерт болды. Ал шаңырақтың отағасы мен үлкен ұлы күйік жарақатымен ауруханаға жеткізілген.  

Оқиға Мұғалжар ауданында түн жарымында болған. Жұрт шырт ұйқыда жатқанда қатты жарылыс болыпты. Үй иелері кешқұрым елу литрлік газ баллонын үйге кіргізіп қойған. Жылы жерде газ қысымы көтеріліп жарылыс болған. Артынша от тұтанып, үйдің түгі қалмай жанып кетіпті. Оқушы бала сол жерде көз жұмды. Ал оның әкесі мен ағасы Қандағаш қаласындағы аудандық ауруханаға жеткізілді. Ол жақтан беті бері қарамаса, санавиациямен облыс орталығына алып келеміз дейді мамандар. Ал ұлынан айрылған анаға психолог көмек беріп жатыр. Оқиғаны тексеруге арнайы комиссия құрылды. Олар баланы жерлеу рәсімі мен қара жамылған отбасын баспанамен қамтумен айналысады.

Марғұлан Аманбаев, Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы:

- Ол ауылдық округте газ жоқ, өздері көмір жаққан. Көршілерінің  айтуынша, кешке таман үйге  жатар  алдында 50 литрлік  газ баллон кіргізген. Негізгі себеп те сол деп отыр. Өйткені көшілердің  айтуынша, қатты жарылған дыбысы шыққан, содан кейін қабырғалары  құлап өртенген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде