{metadescription}
Жамбыл облысында әскерилер тамақ әзірлеуден жарысқа түсті
Жамбыл облысында әскерилер тамақ әзірлеуден жарысқа түсті

Жамбыл облысында әскерилер тамақ әзірлеуден жарысқа түсті

Жамбыл облысында әскерилер тамақ әзірлеуден жарысқа түсіп жатыр. 18 жауынгердің ішінен ең үздігі анықталып, олар кейін әскерилер арасында халықаралық сайыста бағын сынайды.    

- Етті жақсылап ұрғылау керек. Жақсы ұрған сайын, ол жұмсақ болады.

Сайыста әдетте сарбаздар жейтін ботқа мен сорпа әзірленген жоқ. Өзге тамақтың бәрі пісірілуде. Ал бәсекеге түскендер Оңтүстік өңірлік әскери қолбасшылығына қарасты 9 әскери бөлімнің «мен» деген аспаздары. Әрқайсысы намысты қолдан бермеуге тырысты. Тамақтың дәмі мен тез пісірілуі ғана емес, үстіңдегі киіміңнің көрікті болуы да жоғары балл алуыңа сеп болады. 18 үміткердің ішінен үздік шыққаны «Далалық асхана» халықаралық ойынына берілетін жолдамаға ие болып, алда болатын сайыста ел намысын қорғамақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде