{metadescription}
Еуроодақ вакцина сертификатын енгізеді
Еуроодақ вакцина сертификатын енгізеді

Еуроодақ вакцина сертификатын енгізеді

Еуроодақ елдері вакцина сертификатын енгізу туралы келісімге келді. Екпе туралы электронды құжат жазға таман шығады. Бұл туралы Германия канцлері мәлімдеді.

Қазір бұл елде мұғалімдер мен полицейлерді вакциналау жүргізіліп жатыр. Соған қарамастан соңғы тәулікте 10 мыңға тарта Германия тұрғынынан індет анықталған. Ал Франция астанасы коронавирусқа байланысты үш аптаға жабылып қалуы мүмкін.

Соңғы тәулікте Германияда Сovid-19 диагнозымен 10 мыңға тарта адам тіркелді. 400-дей науқас аталмыш індеттен ажал құшты. Ел билігі коронавируспен күресте барын салуда. Мәселен, мұғалімдер мен полицейлерді вакциналау жүргізіліп жатыр. Адамның екпе алғаны туралы электронды сертификат енгізіледі. Бұл шешімді Еуроодақ елдерінің басшылары онлайн-саммитте қабылдады.  

Ангела Меркель, Германия канцлері:

- Адамның вакцина алғанын электронды түрде растайтын құжат енгізу туралы келістік. Мұны барлық елдің көшбасшылары қолдады. Құжаттың арқасында Еуроодақ елдері арасында емін-еркін қозғалатын мүміндік туады.

Вакцина сертификаты жазға таман енгізіледі дейді Германия канцлері. Қолға алынған шараларға қарамастан, Франциядағы індетке қатысты ахуал әлі де ушығып тұр. Тіпті Париж үш аптаға жабылып қалуы мүмкін. Себебі, елде өткен тәуліктің өзінде 25 мыңнан астам адам коронавируспен тіркелді.

Жан Кастекс, Франция премьер-министрі:

- Вирустың жаңа штаммы күн өткен сайын күшейіп, жағдай ушығып барады. Франциядағы індетке шалдыққандардың жартысынан осы британдық штамм анықталып отыр.

Ал Ұлыбританияда жағдай тұрақтала бастаған. Мұнда ауруханаға түсетін адам саны азайған. Сондықтан ел қауіптің бесінші деңгейінен бір сатыға түсті. Дегенмен төртінші деңгей де босаңсуға негіз емес.

Әлемде коронавирусқа шалдыққандардың жалпы саны 113 миллионнан асты. Екі жарым миллионнан астам адам бақилық болды. Індет 192 елге тараған. Аурудың таралуы бойынша антирекордтың көшін АҚШ бастап тұр. Одан кейін Үндістан және Бразилия. Ресейдегі көрсеткіш те көңілсіз. Солтүстіктегі көршіміз антирейтингтің төртінші орнында.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.