{metadescription}
Алматы облысында астыртын арақ шығаратын зауыт анықталды
Алматы облысында астыртын арақ шығаратын зауыт анықталды

Алматы облысында астыртын арақ шығаратын зауыт анықталды

Алматы облысында астыртын арақ шығаратын зауыт анықталды. Заңсыз алкоголь өнімдерінің саудасын қыздырған пысықайлар кәдімгі өнеркәсіптік ауқымда жұмыс істеген.

Жасырын жұмысты жолға қойған арақ зауыты бір қарағанда заңды зауыттан бір мысқал кем емес. Ғимарат іші қажетті құралдармен жабдықталған. Тінту барысында 20 түрлі 170 мыңнан астам бөтелке ішімдік тәркіленді. Алкогольді өнімдердің ешбірі сертификатталмаған. Мамандар аталған өнімдер саудаға шығарылса, адам денсаулығына орны толмас зиян келтірер еді дегенді айтады.

Зауыттың қашаннан бері жұмыс істеп жатқаны және қанша сапасыз алкоголь өнімдерін саудаға шығарғаны белгісіз. Осы бағытта қазір тергеу жүргізіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде