Батыс Қазақстан облысында ірі жол апатынан төрт адам өлді
Батыс Қазақстан облысында ірі жол апатынан төрт адам көз жұмды. Орал-Атырау тас жолының бұл бөлігінде төрт күн бұрын ғана 6 адам қайтыс болған еді. Бұл жолы тұманда қарсы бетке шығып кеткен қос «Тойота» бетпе-бет соқтығысқан.
Автор: Тәуірбек Бозекенов
26.02.2021
Ауа райының қолайсыздығынан Орал-Атырау тас жолы түнде жабық болған. Көліктердің жүруіне тыйым салынып, тәртіп сақшылары жүргізушілердің бәрін тоқтатқан. Алайда тәртіпке бағынбаған «Тойота» жүргізушісі полициядан қашып жолға шығып кеткен. Оны жол сақшылары қуып жете алмаған. Ақырында айласын асырам дегендерді ажал айдап, көп ұзамай апатқа ұшырады. Қос көлік бетпе-бет соқтығысып, төрт адам көз жұмды. Мыжылған көліктен қайтыс болғандардың денесіен құтқарушылар зорға шығарыпты. Тағы 6 жолаушы ауруханаға жеткізілді.
Жанболат Жаншин, БҚО ПД бастығының міндетін атқарушы:
- Бірінші кезекте бұл жүргізушілердің тәртіпсіздігі. Себебі, біздің қызметкерлер оларды тоқтатуға тырысты. Ауа райының қолайсыздығына байланысты бұл машиналар тоқтайды. Бірақ, өздеріңіз видеодан көріп отырсыздар, жүргізушілер қызметкерлерге бағынбайды. Өкініштісі, ақырында жол апатына ұшырады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!