{metadescription}
Алматы облысында санавиация ұшағы апатқа ұшырай жаздады
Алматы облысында санавиация ұшағы апатқа ұшырай жаздады

Алматы облысында санавиация ұшағы апатқа ұшырай жаздады

Алматы облысында санитарлық авиация ұшағы апатқа ұшырай жаздады. Боралдай кентінен Кеген ауданына бағыт алған «Ан-2» ұшағының қозалтқышынан ақау шығып, борт командирі кері қайтуға шешім қабылдаған. Алайда ұшақ әуежайға екі шақырымдай жете алмай, сыртындағы сайға шұғыл қонды.

Оқыс оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Қазір болған жайттың себеп-салдарын арнайы құрылған комиссия анықтап жатыр. Оқиға орнына барып тілшіміз барып қайтты.

Түскі сағат 12-лер шамасында Боралдай кентінен Кегенге бағыт алған  «АН-2» ұшағы діттеген жеріне жете алмады. Ұшақ көкке көтеріле салысымен,  оның қозғалтқышынан ақау шығып, ұшқыш кері қайтыпты. Алайда ол әуежайға жете алмай, сайға шұғыл түрде қонуға мәжбүр болған. Абырой болғанда борт ішіндегі 2 экипаж мүшесі мен 3 медицина қызметкері дін-аман.

Әуе көлігі мен Боралдай әуежайының арасы қазір 100 метрге де жетпейді. Стратегиялық нысанның сыртындағы екі жотаның арасына қонған ұшақтың шассиі мен қанаты бүлінген. Қозғалтқышы да жарамсыз. Күзетшілер әу баста камераны көлегейлеп, жанармай толы техниканың маңына жолатпады.

Алайда оқиға орнында жұмыс істеп жатқан төтенше жағдай қызметінің мамандарын байқамадық. Маңайы да қоршалмаған.

«АН-2» ұшағы «Азия Континенталь» компаниясына тиесілі. Борт командирі техникалық кінәратты байқаған соң, тізгінді жазық жерге тартып, жер үйлердің үстінен өтіп кетуге тырысқан екен. Себебі, жотаның арғы беті баспанаға толы.

Қазір жауапты министрлік тергеуді бастады. Арнайы құрылған комиссия болған жайттың себеп-салдарын анықтап жатыр. Санитарлық авиациялық ұшақпен дәрігерлер Кеген ауданында хал үстінде жатқан науқасқа ұшып баруды көздепті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде