Қамқорлық: Елімізде 18 оңалту орталығы ашылады
Елбасының «Қамқорлық» бастамасы аясында алдағы екі жылда еліміз бойынша 18 оңалту орталығы бой көтеруі тиіс. Әзірге әр өңірде 8-і іске қосылған. Біреуі Таразда жұмыс істеп тұр.
Автор: Руслан Әбдіхалық
01.03.2021
Бүгін өңірге жұмыс сапарымен келген Нұрсұлтан Назарбаев қорының директоры Дариға Назарбаева аталмыш оңалту орталығының жұмысымен танысты. Кешен былтыр күзге тақау ашылған. Мұнда нейро-ортопедиялық ауруы бар балалар ем алады. Небәрі төрт айдың ішінде 200-ге жуық балаға көмек көрсетілген. Орталық заманауи медициналық құрал-жабдықпен қамтылған. Озық үлгідегі аппараттардың тілін үйренуге мамандар арнайы оқытылыпты. Жалпы өңірде 5 мыңнан аса бала нейро-ортопедиялық аурумен сырқаттанса, енді солардың жылына 800-ін аяғынан тұрғызуға мүмкіндік бар. Игі іс Елбасының «Қамқорлық» бастамасы аясында қолға алынған. Ал оны жүзеге асырушы – Нұрсұлтан Назарбаев қоры.
Дариға Мәделова, Тараз қаласының тұрғыны:
- Бізде мұндай қолжетімді нәрсе жоқ еді. Сонау Елордаға баратынбыз, онда да квота арқылы. Қазір өзіміздің Таразда ашылғанына Елбасына алғысымды айтамын! Осында поцедурасы бар екен, әсіресе церебралды параличке душар болған қызыма арналған нұсқаулығына көп-көп рақмет!
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!