Алматыда абақтыдан қашқан қылмыскер Ақтөбеде ұсталды
Алматыдағы абақтыдан қашқан қылмыскер Ақтөбеде ұсталды. 34 жастағы Дәмір Дәуітовке осыдан екі апта бұрын іздеу жарияланған еді.
Автор: Жаңалық Ахаш
01.03.2021
Ол ЛА 155/18 уақытшақа тергеу изоляторында адвокатымен кездескен соң дәретханаға сұранған. Содан кейін қайта кездесу бөлмесіне келіп тығылып қалған. Кеш батқан кезде әкімшілік ғимаратына өтіп, темір құлыпты сындырып, бір жарым метрлік дуалдан секіріп кетеді.
Қашқын алдымен 10 күн бойы Тараз қаласында бой тасалайды. Кейін жолшыбай көлікке мініп Ақтөбеге жеткен. Қалада пәтер жалдап тығылып жатқанын тәртіп сақшылары біліп қояды. Бірақ өз еркімен берілу туралы бұйрықты пысқырмапты. Арнайы жасақ екінші қабаттағы пәтерге балконнан кіріп ұстады. Қашқын қазір Ақтөбедегі тергеу абақтыда отыр. Ол бұған дейін бірнеше рет сотталған. Соңғы рет қараша айында алаяқтық пен ұрлық жасағаны үшін алты жылға бас бостандығынан айырылған екен.
Думан Таев, ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы:
- Қылмыстық атқару жүйесі комиетімен бірлесе, аймақтардағы полиция департаменттерінің жұмысының арқасында қашқын ұсталды. Оған қылмыстық іс қозғалып отыр. Қашып кеткені үшін енді тағы алты жылға дейін жаза арқалуы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!