{metadescription}
Құтқармақ болып құлаған полицей әлі ес-түссіз жатыр
Құтқармақ болып құлаған полицей әлі ес-түссіз жатыр

Құтқармақ болып құлаған полицей әлі ес-түссіз жатыр

Алматыда 9 қабатты ғимараттың төбесінен құлаған тәртіп сақшысының ес-түссіз жатқанына үш тәулік болды. Полиция қызметкері салынып бітпеген үйдің шатырында жүрген бір топ баланы төмен түсіру үшін шақыртылған.        

Оқиға үйдің төбесінде болды. Шатырда ойнап жүрген бір топ баланы сол маңайдағы үйлердің тұрғындары көріп полиция шақыртқан. Алайда жасөспірімдер тәртіп сақшысының сөзіне құлақ аспай, жан-жаққа тым-тырақай қашыпты. Сол сәтте полицейдің аяғы тайып кетіп, 9-шы қабаттан 7-ші қабаттағы бетонға бір-ақ құлап түскен. Кейін белгілі болғандай, бір топ жасөспірім салынып бітпеген үйдің шатырында тик-ток түсіріп жүріпті.  

Балаларды құтқармақ болып төбеге көтерілген сақшы үшінші тәулік ес-түссіз жатыр. Туыстарының айтуынша, басына екі бірдей күрделі ота жасалған. Жқындары енді жас жігіт мүгедек болып қала ма деп қорқады. 38 жастағы Тимур Қалмұрзаев кәмелетке толмаған балалардың ісі бойынша аға инспектор. Сақшының шиеттей үш баласы бар. Келіншегінің төртіншісіне аяғы ауыр. Ұлы есін жиса деген тілекпен полицейдің анасы үшінші күн аурухананың босағасында жанын қоярға жер таппай жүр.    

Бибігүл Қалмұрзаева, анасы:

Өмір мен өлімнің арасында жатыр. Әлі көрсеткен жоқ, бізді кіргізген жоқ. Білмейміз. Әлі есін жия алмай жатыр. Соған мен көмек сұраймын, Ішкі істер министрі Тұрғымбаевтан, балама қарап, қатарға қосылып кетуіне жәрдемдессе екен деймін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде