{metadescription}
Қай өңірлерде карантин шектеулері жеңілдетілді?
Қай өңірлерде карантин шектеулері жеңілдетілді?

Қай өңірлерде карантин шектеулері жеңілдетілді?

Еліміздің бірқатар өңірлерінде карантин шектеулері жеңілдетілді. Енді 1-сыныптан 5-сыныпқа дейінгі оқушылар мектепке еркін бара алады. Бұрынғыдай топ-топқа бөлініп оқымайды. Жасыл аймаққа өткен облыстарда жерлеу рәсіміне 50 адамға дейін келуге санитар мамандар рұқсат беріп отыр. Көрермендер спорттық жарыстар мен мәдени шараларға кіре алады, бірақ орын саны шектеулі болады.

Санитар мамандардың жаңа қаулысына қызылжарлық оқушылар мен ата-аналар мәз. Себебі, балалар сабақты сыныптастарымен бірге оқиды және бұрынғыдай партада ешкім жалғыз отырмайтын болады. Өйткені мектептерде кезекші топтарды  мүлдем алып тастаған.

Гүлнұр Бисенбекова, Петропавл қаласының тұрғыны:

Ата-аналар чатында барлығы қуанып жатыр. Балалар қазір күндізгі бір топта оқып жатыр. Бәріміз қуаныштымыз.

6,7,8 бен 10-сынып оқушылары ғана бұрынғысынша мектепке бармайды. Олар биылғы оқу жылын қашықтан оқып аяқтайтын сияқты. Ал қалғандары негізгі пәндерді мектепте оқып, қосымша еңбек, музыка, дене шынықтыру сабақтарына онлайн қатысады. Ал мектепте үзілістегі қоңырау жоғары сыныптағылар мен бастауышқа бөлек соғылады.  

Жұлдыз Шалабаева, Ақтөбде қаласы білім бөлімі басшысының орынбасары:

- Бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші сыныптар санитарлық норманы сақтай отырып, 25 оқушыдан сынып толымдылығымен оқыту басталды. Төменгі сыныптар пен жоғары мынып оқушылары қоңырау кезінде бір-бірімен кездеспейді. Әр қоңырау әр бөлек.

Ақтөбелік футбол фанаттары да қаулыға қуанып отыр. Карантинге байланысты орталық стадионға тура бір жыл бойы жанкүйер кіргізілмеген.  Санитар мамандар «жасыл» аймақтағы өңірлердің барлығында көрермендердің спорт жарыстарын тамашалауына рұқсат берді. Бірақ залдағы орын саны 20 пайыздан аспауы керек.

Театр, концерт залдарына да осындай талап. Қарағандыдағы цирк ұжымы  мұны естіген бойда жаңа бағдарлама әзірлеуге кірісіп кетті. 

Талғат Ыдырысов, цирк директоры:

Шектеуді жеңілдеткеніне қуанып отырмыз. Қазір тек эстрадалық концерт қойып жатырмыз. Бірақ цирк өз ұжымы, аңдары мен клоун, акробаттарымен ерекше. Сондықтан карантинде тоқтап қалған жұмысымыз жандандырылып, цирк өнері дамиды деп ойлаймын.

Карантинде бақилық болған кісінің артынан садақасы мен қонақ асын берудің өзі қиямет-қайым болып кеткен еді. Енді «жасыл» аймаққа өткен облыстарда жерлеу рәсіміне 50 адамның жиналуына рұқсат. Семейлік санитарлар қаралы отбасына көңіл айта келгендер қиналмайды деп сендіреді.

Гүлнәр Жақыпжанова, Семей қаласы санитарлық- эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы:

- Діни рәсімдерді өткізуге рұқсат етілді. Құдайға құлшылық жасайтын басқа мекемелерде 100 адамнан аспайтын адаммен шара өткізуге болады. Қатым түсіру, ас беру де 50 адамға қарастырылған.

Шектеуге байланысты шенеуніктердің де басы жөнді қосылмай жүрген еді. Жиналыстардың көбісі қашықтан, онлайн форматта өтіп жүрді. Енді «жасыл» аймаққа өткен біраз облыстың санитар мамандары жиналыс, ресми бас қосуларға рұқсат берді. Тек қатысушылар медициналық бетперде тақса болғаны. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.