Біз неге бөтен адамға сенеміз?
Жүздеген қазақстандық алаяқтардан зардап шеккен. Адамдар қаскөйлерге банк шотына қол сұғуға өзі мүмкіндік бергенін мойындайды. Біз неге бөтен адамға сенеміз? Қаражатты қалай жоғалтпауға болады?
Автор: Асқарбек Қазанғап
04.03.2021
Зәуре, жәбірленуші:
- Маған хабарласқан адам банктің қауіпсіздік қызметіненмін деді. Біреу банк шотымнан ақша шешіп алуға тырысып жатқанын айтты. Ақшаны шешіп алмауы үшін мен құпиясөзді ауыстыру керек екенмін. Олар маған құпиясөздің қандай болатынын айтты. Кейін смс жіберіп, келген кодты сұрады. Қолымда кішкентай балам бар еді, абдырап қалдым. Бәрін олардың айтқанындай жасадым. Артынан телефонға кірсем, бар ақшамның айырылғанымды көрдім.
Соңғы уақытта алаяқтар жиі қоңырау шалып, шабуыл жасауда. Қоңырау шалушы алаяқ па, әлде нағыз банк қызметкері ме? Мұны қалай анықтауға болады?
Ләззат Үсембекова, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі директоры:
- Оны анықтау өте оңай. Сіз операциялардың кейбір түрін жүзеге асырған кезде нақты банк қызметкері звандауы мүмкін. Сол операцияны өзіңіз жасап жатырсыз ба деп анықтау үшін. Ол операцияның параметрлерін сұрау түрде айтуы мүмкін. Оған сіз «иә» немесе «жоқ» деп жауап бересіз. Банк қызметкерлерінің барлық сұрақтары – анықтау, нақтылау.
Евгений Лысенко, Алматы қаласы ПД баспасөз хатшысының орынбасары:
- Алаяқ, ең бірінші, сізден бір әрекеттерді жасауды сұрайды. Мысалы, банктік қосымшада құпиясөзді ауыстыру, смс-хабарлама арқылы келген кодты айту, ақша аудару, қосымша жүктеу, сілтеме арқылы өту тағы басқа да әрекеттер. Ешқандай ақпарат бермеңіз, айтқан қосымшасын жүктемеңіз, олардың айтуымен банкоматтан ақша шешіп алмаңыз. Мұндай жағдайда тұтқаны бірден қойыңыз. Сонда ақшаңыз өзіңізде қалады.
Алаяқтар күнде жаңа аңыз ойлап табады. Бірде ақшаны «қосымша шотқа» аударуды, келесі жолы «сақтандыру жәшігіне» жіберуді сұрайды. Олардың тағы не ойлап табатынын білу мүмкін емес. Бірақ олармен күресу жолы қарапайым.
- Алло?
- Бұл банктің қауіпсіздік қызметі. Сіздің шотыңыздан алаяқтар ақша шешуге тырысуда. Бар ақшаңызды басқа шотқа аудару керек (тұтқаны қоямын).
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!