Ковид-19: 200-ден аса науқастың жағдайы өте ауыр
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың қатары күрт көбейді. Соңғы тәулікте індеттің ілмегіне 850 адам іліккен. Оның 46-сы коронавирус пневмониясымен тіркеліпті. Осылайша дендеген дерттің құрығына түскендердің жалпы саны 216 мыңға жуықтады.
Автор: Салтанат Шырынхан
04.03.2021
Вирус тағы бір күнде 11 науқастың өмірін жалмады. Оның бесеуі қос өкпесі қабынып қайтыс болған. Қазір ауруханада жатқан 200-ден аса адамның жағдайы өте ауыр.
Індеттің таралуы бойынша Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы және Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары «сары» аймақтан шыға алмай тұр. Қалған өңірлерде қауіптің беті сейілген. Дәл қазір коронавирустан 19 мыңнан аса адам емделіп жатыр. Осыған дейін 200 мыңға жуығы құлан- таза айығып шықса, 2800-ге жуығы бақилық болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!