Қызмет бабында қаза тапқан полицейдің отбасы баспана төлемін ала береді
Қызмет бабында қаза тапқан полицейлердің отбасылары баспана төлемін ала береді. Мұндай жаңашылдық жұмыс барысында жарақат алған сақшыларға да қатысты. Сенат бүгін тиісті заң жобасын өзгертіп, оны Мәжіліске кері қайтарды.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
04.03.2021
Құжат негізінен ішкі істер органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етудің жаңа жүйесіне көшуді көздейді. Онда тіпті ай сайынғы тұрғын үй төлемін төлеу қарастырылған. Алайда сенаторлар жәрдемақыдан кейбір полицейлердің қағылып жүргеніне күйінді. Яғни тәртіп сақшылары қызмет кезінде жарақат алып, не қайтыс болса, тұрғын үй төлемі тоқтатылатын. Бұл полицей мен оның отбасының онсыз да күрделі жағдайын қиындатады. Сақшылардың отбасы осындай проблемаға тап болмас үшін депутаттар Үкіметке бірнеше ұсыныс айтты.
Сергей Ершов, Сенат депутаты:
- Қызметін орындау кезінде ауыр жағдайға тап болған, жарақат алған, бір жерін сындырып немесе контузия алған ішкі істер органдарының қызметкерлерін, сондай-ақ қаза тапқан қызметкердің отбасы мүшелерін әлеуметтік қорғауға арналған түзетулерді ұсынамыз. Атап айтқанда, ипотекалық шарт немесе кейіннен сатып алынатын тұрғын үйді жалдау шартының міндеттемелері орындалғанға дейін баспана бойынша жәрдемақыны Үкімет белгілеген мөлшер мен тәртіпте сақтаса дейміз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!