{metadescription}
Өскеменде баланы ұрған тәрбиеші қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін
Өскеменде баланы ұрған тәрбиеші қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін

Өскеменде баланы ұрған тәрбиеші қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін

Өскеменде баланы ұрған тәрбиеші директорымен қоса жұмыстан қуылды. Енді қылмыстық жауапкершілікке де тартылуы мүмкін.

Видео әлеуметтік желіде жұрттың ашуын туғызған. Орындықта тып-тыныш отырған баланы тәрбиеші жерге атып ұрған. Балалар бөлмесінде болған сұмдықты ата-аналардың бірі таспаны қарап жатқанда кездейсоқ көріп қалыпты. Бұл жағдай ақпанда болған екен. Қатыгез келіншек бір соққымен тоқтамаған. Бала жерден тұрып, орнына қайта отыра бергені сол еді, бүлдіршінді иығынан қысып, жерге қайта атып ұрды.

Білім басқармасындағылар балаға қол жұмсаған қызметшіні балабақша директорымен қоса жұмыстан шығарды. Тәрбиеші бұл балабақшада үш жылдан бері қызмет етіп келген. Жасы 29-да. Енді оның ісімен полиция айналысып жатыр.

Әйгерім Нұрғазина, ШҚО ПД баспасөз хатшысы:

- Өскемен қаласы полиция басқармасымен ҚР ҚК 140-бабы, 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейін тергеп, тексеру жүргізіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.