{metadescription}
Әйел қауымы түсірген «Достучаться до мужчин» фильмін тамашалаңыз
Әйел қауымы түсірген «Достучаться до мужчин» фильмін тамашалаңыз

Әйел қауымы түсірген «Достучаться до мужчин» фильмін тамашалаңыз

Отандық кино қоржыны тағы бір комедиямен толықтырылды. Қыз-келіншектер мерекесіне тарту ретінде көрерменге жол тартатын фильм «Достучаться до мужчин» деп аталады. Бұл еліміздегі әйелдер қауымы түсіріп, нәзік жандыларға арналған әзіл-қалжыңы аралас алғашқы картина.

Махаббат пен достықтың, бақыттың қадір-қасиетін насихаттайтын, тосын жайттарға толы туындыны тамашалағыңыз келсе, кинотеатрларға асығыңыз.

- Осы біз, әйелдер, бәріне төзімдіміз. Қара басымыздың қамын ойламаймыз.

Фильмде төрт жақын құрбының басынан өткерген қызықты жайттары суреттеледі. Ай сайын кездесіп сыр шертетін олардың бұл жолғы жүздесуінің жөні бөлек. Әп-сәтте өзге елден бір-ақ шыққан келіншектердің шытырман оқиғасы осы кезден басталады. Ал фильм режиссері туындының көрерменге берері мол дейді.

Гүлбаршын Әбуева, режиссер:

Басында тек қыздармен кино түсіру қиындық тудыра ма деп уайымдағаным рас. Керісінше, жобамыз жоғары деңгейде жүзеге асты. Біз осы картина арқылы түрлі мінезді, түрлі салада жұмыс істейтін нәзік жандылардың шынай құрбы бола алатынын дәлелдеуге тырыстық. Өмір махаббатпен, достықпен мәнді-мағыналы емес пе?

Туынды елімізден бөлек, Түркия қаласында түсірілген. Мерекелік киноның басты рөлдерін Ділнәз Ахмадиева, Мира Добрынина, Әсел Садуақасова, Сабина Сәкен сомдайды. Бірі үй шаруасындағы көп балалы ана болса, енді бірі – іскер ару. Картинаға шығармашылыққа жақын жан және ер мінезді әйел сынды түрлі қасиеттерді де қосқан. 

Сабина Сәкен, актриса:

- Біздің тизирімізде, әрине, хайп бар. Бірақ елдің көбісі ойлап қалыпты, мына феминистер жайлы кино шығар, ер-азаматтар мен күйеулерімен ажырасатын, үгіт-насихаттайтын кино ма деген ой келіп отыр екен. Менің айтайын дегенім: олай емес. Біздің кинода терең ой бар. Біз, негізі, әйел мен ер адам арасындағы қарым-қатынас психологиясына көп мән бердік.

Өзіңізге мерекелік көңіл-күй сыйлап, төрт құрбының бастан кешкен шытырман оқиғасы немен аяқталғанын білгіңіз келсе, наурыздың 7-нен бастап еліміздің кинотеатрларына асығыңыз. Тек медициналық бетперде тағуды ұмытпаңыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде