{metadescription}
Әйелдер түрмесінде «Ең үздік келін» байқауы өтті – Петропавл
Әйелдер түрмесінде «Ең үздік келін» байқауы өтті – Петропавл

Әйелдер түрмесінде «Ең үздік келін» байқауы өтті – Петропавл

Петропавлдағы әйелдер түрмесінде жазасын өтеп жатқандар «Ең үздік келін» атағына сынға түсті. Мереке қарсаңында ұйымдастырылған байқауға сотталушылар жан-жақты дайындалыпты. Олар сұлулығы мен шаруаға икемділігін көрсетіп, өзара мықтыны анықтады.

Петропавлдағы бұл түрмеде ауыр қылмыс жасаған әйелдер жазасын өтеуде. Есірткі тасымалдап, адам өлтіргендер бүгін мұның бәрін ұмытты. Себебі, мереке қарсаңында қыздар-келіншектер арасында «ең үздік келінді» анықтауға кіріскен. Сотталушылар алдымен киген киім үлгісі мен сахнада ұстау шеберлігін көрсетті. Бәрінен бұрын қамыр илеп, нан жаю жарысы тартысты өтті. Жайылған нанның шеті жыртылмауға тиіс.Талап солай. Осы уақытта оларды  сыртта  айдауылдар күзетіп тұрды.

Дана Қазжанова, ЕС 164/6 еңбекпен түзеу колониясының  жасақ бастығы:

- Бізде нан илеу, жайма жаю жағынан сәл қиындық туды. Өйткені барлық сотталғандар нан илеуді білмейтін болып шықты. Бостандыққа шыққанда өмірінде мұның бәрі қажет деп ойлаймын.

Әкімшілік қызметкерлерінен құрылған қазылар алқасын қазақтың салт дәстүрін жақсы білетін сотталушылар таң қалдырды. Олар қыз ұзатып, келін түсіру,бесікке бөлеу, тұсау кесу сияқты жоралғыларды тегіс көрсете алды.

Жазира Асанова, жазасын өтеуші:

- Біріншіден, бұл еске салу. Менің келін болып түскен кезімді еске салды. Екіншіден, қазақтың салт-дәстүрін еске салуымыз. Әрине, үйге қайтқымыз келеді. Себебі, біз 0 анамыз. Ана болған соң, бізді балаларымыз күтіп жүр.

Аса таласты өткен байқау жеңімпазын анықтау оңайға түскен жоқ.Үздік деп, ұлттық дәстүрден басқа, қолөнерімен де ерекшеленген  Ләззәт Қуанышбай таңдалды.

Ләззәт Қуанышбай, жазасын өтеуші:

- Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп жатқан аналар мерекесі құтты болсын! Менің тілеуім, тек балаларыма аман-есен жету. Осы соңғы 8- наурызым осы жерде. Жақында, Алла жазса, үйге шығам. Барлық аналарға тілейтінім – бостандық.

Дәурен Сәдуақасов, ЕС 164/6 еңбекпен түзеу колониясы бастығының орынбасары:

- Әрине, адамды қалыпты өмірге әкелу үшін отбасы құндылықтарын бойына қайта сіңіруге тура келеді. Бұл әсіресе, нәзік жанды әйел адамдарға қатысты. Сондықтан біздің мекемеде осындай шара арқылы пайдамыз тисе дейміз.

Байқау жеңімпаздарына косметика және өз қолымен пісірілген торт табыс етілді. Байқаудың ең маңызды сыйлығы сотталушылардың жеке ісіне енгізілетін түрме бастығының алғысы болды. Ол түрмеден ертерек  шығуға септігін тигізеді екен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде