{metadescription}
Ақтауда теңіз жағасына қазына жасырған блогер жауапқа тартылды
Ақтауда теңіз жағасына қазына жасырған блогер жауапқа тартылды

Ақтауда теңіз жағасына қазына жасырған блогер жауапқа тартылды

Ақтауда теңіз жағасына қазына жасырған блогер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Себебі, бағалы заттан дәмелі тұрғындар түгел жағалауға ағылған. Карантин кезінде көп адам жинап хайп қуған азамат айыппұл арқалады.

- Адам жинамаймыз. Бірақ біздің сіздерге берер сыйымыз бар. Бір «Apple Watch», бір телефонымызды осы бір жерге жасырамыз. Барлықтарыңа сәттілік. Ақтау, i love you!

«Қарапайым қазақ» деген атпен танымал Нұрдәулет есімді блогер Ақтауға қыдырып келген. Оқырмандарына тосынсый жасау үшін  Каспий теңізінің жағасына қымбат маркалы сағатын жасырып, оны әлеуметтік желіде жар салған. Блогер тыққан қазынаны іздеуге 1000-нан аса адам жиналып, теңіз жағасындағы тастарды шарлап кетті. Ал екі миллионнан аса оқырманы бар белсенді бұған таң-тамаша болып ризалығын білдірген. Алайда карантин кезінде көп адамды бір жерге жинаған жігіт енді тәртіп сақшыларына түсініктеме беруде.

Еркін Елеусізов, Ақтау қаласы ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының орынбасары:

- Құқық бұзушыларды дер кезінде анықтап, олардан түсініктеме алынды. Жауап алынды. Жеке басы анықталды. Қазір тауарлар мен көрсетілетін қызмет сапасын бақылау басқармасына құжат жолданды. Ары қарай карантин режимін бұзғаны үшін жауапқа тартылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде