Маралдың мүйізін ұрлап ақша таппақ болған – ШҚО
Шығыс Қазақстан облысында маралдың мүйізін ұрлап ақша таппақ болған азамат қамауға алынды. Тәртіп сақшылары оны үш ай іздеп, жақында Алматы қаласынан ұстады.
Автор: Ұлан Нұрахмет
05.03.2021
Зайсан ауданының 23 жастағы тұрғыны Қызыл кітапқа енген жануарға еш зиян келтірмеген. Ит-мысығына ішек-қарын алу үшін жергілікті қасапханалардың біріне ұрлыққа түскен. Сол сәтте мұздатқышта тұрған 230 келіден асатын маралдың мүйіздерін көрген. Оңай олжаны көздеген күдікті барлығын үптеп кетіпті. Мүйіздің қара нарықтағы құны 21 миллион тұрады. Бірақ арам ойы жүзеге аспады. Қазір ұрыға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.
Сағат Мәдиев, ШҚО ПД бастығы:
- Ұстаған кезде ер адам ұрланған заттардан құтылмақ болып, оны көлігінен жолдың бойына лақтырып кеткен. Қазір айғақ заттар тәркіленді. Тексеру жалғасуда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!