{metadescription}
Жалақысыз қалған жұмысшылар жұмыстан бас тартты – Павлодар
Жалақысыз қалған жұмысшылар жұмыстан бас тартты – Павлодар

Жалақысыз қалған жұмысшылар жұмыстан бас тартты – Павлодар

Павлодарда мектеп құрылысын жүргізіп жатқан жұмысшылар бірнеше айдан бері жалақы ала алмай жүр. Компания тек екі тасқалаушы бригаданың өзіне 6 миллион берешек екен. Мердігер күнде «ертең есептесемін» деп жұртты алдайтын көрінеді. Құрғақ сөзге әбден тойған құрылысшылар енді жұмысқа шығудан бас тартып отыр. 

Ауылда мектеп салып жатқан құрылысшылар екі айдан бері жалақы көрмедік деп шуласты. Олар 8-наурыз меркесінде үйдегі бұрымдыларды қалай құттықтарын білмей бас қатырып жүр. Өйткені сыйлық алып қуантуға ешкімде қаражат жоқ.

Серікбай Жұмағұлов, құрылысшы:

- Соңғы рет ақшаның бір бөлігін қаңтар айында берген. Содан бері көк тиын көрмедік. Қолдағының бәрін жаратып тастап, енді қарап отырмыз. 8-наурыз келе жатыр, әйелім мен екі қызыма қалай сыйлық әперемін деп уайымдап жүрмін. Гүл тұрмақ, үйге дастарқан жаюға жағдай жоқ.

Жетекші ауылындағы білім ошағының құрылысы өткен жылдың мамыр айында басталып, биыл тамызда тапсырылуы тиіс еді. Алайда мердігер межелі мерзімде үлгермей қалуы мүмкін. Өйткені құрылысшылар айлық төлемесе, жұмысқа шықпаймыз деп отыр.  

Ерболат Таубаев, құрылысшы:

- Күн суықта істедік. «Істей беріңдер, береміз» деген. Енді бітірдік. Соңында есептесетін адамды таппай қалдық. Сол үшін жиналып тұрмыз. Бізге 6 миллион теңге қарыз. Екі бригадаға 6 миллион. Қалған бригадалар да бар, оларға да қарыз.

Ал шенеуніктер мердігерге ақша кестеге сәйкес, дер уағында түсіп тұрады дейді. Мәселен желтоқсан айында 18 млн теңге, осы жылы тағы 8 млн. теңге есепшотқа аударылыпты. Бірақ серіктестің жұмысшылардың айлығын неліктен бермей жатқанын түсінбедік дейді.

Салтанат Әкімбекова, Павлодар қаласы әкімінің баспасөз хатшысы:

- Бұдан былай бас мердігер мен қосалқы мердігерлерге қатаң талап қойылады. Аударылған қаражатты үлестіру кезінде жұмысшылардың жалақысы басты назарда болуы тиіс. Айлықтың дұрыс бөлінуі мен уақтылы төленуі жіті бақылауда болады. 

Атқамінерлер жаңа ережені бекітіп жатқанда құрылысшылар еңбек инспекциясына шағым түсіріп үлгерді. Енді тексеру басталады. Ал оған аз уақыт кетпейтіні де түсінікті. Демек құрылысшылар алдағы мерекені көк тиынсыз өткізейін деп тұр.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде