{metadescription}
Қазақстан енді күніне 20 мың баррель мұнайды артық өндіре алады
Қазақстан енді күніне 20 мың баррель мұнайды артық өндіре алады

Қазақстан енді күніне 20 мың баррель мұнайды артық өндіре алады

ОПЕК+ ұйымы Қазақстан мен Ресейге мұнай өндірісін өсіруге рұқсат етті. Енді күніне Қазақстанның 20 мың баррель мұнайды артық өндіруге мүмкіндігі бар. ОПЕК плюстің бұл шешімі айтарлықтай болмаса да, көмірсутек құнының біртіндеп көтерілуіне әсер еткендей.

Бірақ отандық сарапшылар арқаны кеңге салуға ерте деген сенімде. Өйткені мұнайға ғана сеніп, оның бағасына тікелей тәуелді болу экономиканың құлдырауына әкеп соғу қаупі бар. Сарапшылар пікірі мен сандары қандай?

Кешелі бері ОПЕК+ тің Қазақстанға мұнай өндірісін тәулігіне 20 мың баррельге арттыруға рұқсат етуі қызу талқыланып жатыр. Оған қоса қара алтын құны барреліне 70 долларды маңайлағанын ескерсек, Қазақстанның экономикасы айтарлықтай еселенбек. Бірақ бұл жаңалыққа қуанудың қажеті жоқ дейді сарапшылар. Неге десеңіз, мұнай өндірісін ұлғайту мүмкіндігі басқа экономика саласына көңіл бөлдірмей тастайды.

Рашид Жақсылықов, Мұнай-газ өндірісінде қызмет көрсету компаниялар одағының төрағасы:

- Осыдан 15 жыл бұрын қабылданған бағдарламаларды әлі іске асыра алмай келе жатырмыз. Оның алдында алғашқы президентіміз біздің экономиканы әртараптандыру сұрағын кесе-көлденең қойған болатын. Бірақ әзіргі таңда бүткіл экономиканың әлеуметтік-экономикалық хал-ахуалын көтеріп келе жатқан – мұнай-газ өндірісі. Бізде ондай дамыған экономикалық сала әзірге жоқ. 

Білгіштер Қазақстан мұнай өндірісін бес пайызға арттыру арқылы күніне 2 миллион 500 мың доллар табады деп есептеп те қойған. Бұл экономикаға айтарлықтай көмек болғанымен, мұнай бағасымен қоса, теңгенің де тұрақтануын қамтамасыз етуге болатынын айтатындар қатты қателеседі дейді экономистер. 

Арман Бейсембаев, экономист:

- Біздің елге теңгенің тұрақтануы қолайсыз болады. Неге десеңіз, мұнайды экспорттағанда доллармен сатамыз. Ал доллардың теңгеге шаққанда төмендеуі мұнайды арзан бағамен өткізу деген сөз. Сондықтың ел бюджеті доллардың бағамына тікелей тәуелді болып тұр.

Сарапшылардың пайымынша, жыл соңына дейін мұнайдың бір баррелі 75 долларға дейін жетсе, 2022 жылы, тіпті 100 долларға дейін өсіп кетуі ғажап емес. Әрине, бұл бағаның өсуі Қазақстандағы басқа экономика салаларына деген сұранысты төмендетері анық.

ОПЕК+ тің мұнай өндірісін ұлғайтуға мүмкіндік беруіне оралсақ, мұнда Қазақстаннан гөрі Еуропа елдерінің қызығушылығы басым. Мысалы, Германиядағы әрбір үш литр бензиннің бір литрі қазақстандық мұнайдан әзірленеді. Сондықтан еліміздегі мұнай өндірісінің артуынан Еуропа айтарлықтай пайда көреді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде