Жаңатаста бес баланың өлімінен кейін аудан әкімі қызметінен босатылды
Жаңатаста түтінге тұншыққан бес баланың өлімінен кейін аудан әкімі қызметінен босатылды. Сарысу ауданын басқарған Бақытжан Жақсылықовтың жылы орынан айырылуына осы оқиға себеп болды ма, ол жағы белгісіз.
Автор: Руслан Әбдіхалық
05.03.2021
49 жастағы экс-шенеунік Сарысудың тумасы. Өңірде бірқатар лауазымды қызмет атқарған ол өткен жылдың шілдесінде ауданға әкім болып тағайындалған. Небәрі алты айдан кейін жылы орнымен қоштасты. Бақытжан Жақсылықовтан бөлек, тағы екі аудан әкімі жұмыстан босатылған.
Екі апта бұрын Жаңатаста жылу қазандығы істен шығып, жұрт үш күн бойы жылусыз отырған. Артынша бір үйдің бес баласы түтінге түншығып қаза тапты. Бақытжан Жақсылықовтың қызметтен кетуіне осы жағдайлар себеп болса керек. Әзірге экс-шенеунікке ешқандай қызмет ұсынылған жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!