{metadescription}
Көмек қажет: Валерий Рогов Кореяға емделуге қаражат таппай отыр
Көмек қажет: Валерий Рогов Кореяға емделуге қаражат таппай отыр

Көмек қажет: Валерий Рогов Кореяға емделуге қаражат таппай отыр

Елорда тұрғыны Кореяға емделуге ұша алмай отыр. Алты жылдан бері ауруымен арпалысып келе жатқан Валерий Роговқа ақшаның жоқтығы қолбайлау. Мүгедек арбасына таңылған ол күн сайын далада түрлі тауар сатқанымен, керекті қаржының жиналатын түрі жоқ.

Валерий екі тісін емдеймін деп сирек кездесетін медиастинит ауруына шалдыққан. Ал корейлік дәрігерлер отандасымызды оңалтып беруге уәде беріп отыр.

Бейнежазбадағы Валерийдің күлімсіреп гитара тартқан кезін қазір анасы қатты сағынады. 2015 жылы сап-сау болған ұлын ауруханадан жарты жылдан соң, сал күйінде алып шығады. Алдымен Валерийдің ақыл тісі іріңдейді. Артынша аузын аша алмай қалады. Кейін дәрігерлер тісін жұлып тастаған. Осы кезде асқынған ірің қанмен араласып, микроб миға шауыпты.

Раиса Тройно, Валерийдің анасы:

Тамағына ота жасап, екі тісін жұлады. Операциядан кейін оны дәрігерлер жансақтау бөліміне емес, палатаға жатқызған. Аурухана төсегінде өлі күйінде қасында жатқан науқас тауып алып, шу көтерген. Валерий клиникалық өлімге тап болды. 36 күн бойы өлім мен өмір арасында жатты. Жалпы медиастиниттен аман қалатындардың саны шамалы. 100 пайыздың ішінде 23-і ғана мына дүниенің жарығын көреді.

Дәрігерлердің қателігін айтып, Раисаның бармаған жері жоқ. Еш нәтиже бермепті. Құзырлы органдарға қолды бір сілтегенімен, баласының емін тоқтатқан емес. Қытайға барып келген. Валерийдің көзі көріп, құлағы естіп, беті бері қарапты. Дегенмен немере сүйдіретін жасқа жеткенде ол анасының еш көмегінсіз қозғала алмайды.

Раиса Тройно, Валерийдің анасы:

- Валера командан оянғанда көзі көрмей, құлағы естімей қалды. Еш қозғала алмады. Басын тіпті бұра алмайтын халге жетті. Қытайда екі апта болғанда жағдайы жақсарды. Көзі 30 пайызға көрді. Қазір емдеу орындарын іздеп жатырмыз. Таңдауымыз Оңтүстік Кореяға түсіп отыр.

Кореяның кликасында оңалтудан өтсе ғана дертінен айығуы мүмкін. Ал шетелдегі медициналық орталық 30 мың АҚШ доллар берсе, жас жігітті 80 пайызға сауықтырамыз деп отыр екен.

Ұлына тек Раисаның өзі бас-көз болып отыр. Мүгедекке және оны бағып-қаққанға берілетін жәрдемақыға бұл отбасы қазір күн көріп отыр. Баспанасы да өздерінікі емес. Үкіметтің ақшасы еш нәрсеге жетпейтіндіктен, жас жігіт өмірін өзгерту үшін далаға шығып, түрлі тауар сатып, тиын-тебен жинауға мәжбүр. Бірақ бұл түрімен ол әлі біраз жүретін секілді. Сондықтан Валера көптен көмек күтеді.

Телефон нөмірі: 87078101255

Halyk Bank 5522 0433 5609 8636

Алушы: анасы –  Troino Raissa.

Kaspi Gold 5169 4971 3811 2176

Алушы: анасы – Troino Raissa.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде