Таулы аймақтарда қолдан қар көшкіні жасалды – ШҚО
Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтарында қолдан қар көшкіні жасалды. Таудан түсірілетін қардың ешкімге кесірі тимеуі үшін Өскемен - Алтай тас жолына тосқауыл қойылды.
Автор: Ұлан Нұрахмет
09.03.2021
Алтай тауын жаңғырыққа бөлеген жарылыс қауіпті аймақтағы шың басынан ақ ұлпа нөпірін төмен сырғыттты. Ал жалпы өңірде көшкін жүруі ықтимал 497орын бар. Оның 24-і адамдарға және тас жолдарды басып қалу қаупі бар деген санатқа жатады. Қазір бұл бағыттарды құтқарушылар қатаң бақылауға алған. Мамандар биыл таудағы қар әдеттегіден екі есе көп түскенін айтады.
Омар Дузгумбаев, «ҚазСелденҚорғау» ММ ШҚО филиалының басшысы:
- Өскемен - Серебрянка, Рахман қайнарында қар жару жұмысын істеп жатырмыз. Бүгін 10 жару болды. Қардың қалыңдығы 40 сантиметрден 90 сантиметрге дейін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!