Асыққан жеңіл көлік автобусқа соғылды – Алматы облысы
Жолға таласып, ажал құшты. Алматы облысында асыққан жеңіл көлік жүргізушісі автобуспен соқтығысып мерт болды.
Автор: Аруна Ортай
09.03.2021
Тас-талқаны шыққан көліктің кадрлері әлеуметтік желілерге тарап кетті. Онда жеңіл көліктің жүргізушісі отыратын бөлігінің сау тамтығы қалмаған.
Оқиға Талғар-Ақбұлақ жолында болған. «Мицубиси Галантты» тізгіндеген жүргізуші автобусқа жол бермей, соның салдарынан оңбай соқтығысқан. 41 жастағы көлік иесі сол арада тіл тартпай кетті. Ал автобустың ішінде жолаушылар болмаған екен. Суретке қарағанда, «ПАЗ» көлігі жергілікті мекемелердің біріне тиесілі болуы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!