Қазақстандық туристер Гоаға визасыз баруы мүмкін
Қазақстандық туристер де енді Гоаға визасыз баруы мүмкін. Ондағы туризмді қайта жандандырып, өзге бәсекелестерінің алдын орау үшін жергілікті туризм қауымдастығы штаттың бас министріне осындай ұсыныс беріп отыр.
Автор: Ербол Тұрымбет
09.03.2021
Онда әлем туристерін, оның ішінде Қазақстандықтар да бар. Биылғы наурыздан келесі наурыз айына дейін визалық төлемдерден босатылу ұсынылған. Яғни қауіпсіз саналатын елдерден чартерлік рейс қабылдауды қайта жандандырғысы келеді. Оның ішінде Ұлыбритания, Польша, Украина, Финляндия, Ресей, Қазақстан және басқа да ТМД елдері бар. Аталған елдерден қатынайтын әуе компанияларын бір жыл бойы әуежай салығынан да босату көзделіп отыр.
Әлемдегі 217 туристік бағыттың бүгінде бес елі ғана туристерді толық қабылдай алады. Ол: Албания, Коста-Рика, Доминикан Республикасы, Македония, Танзания.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!