Таразда жұмысшы өтемақы төлемеді деп өлмек болды
Өтемақы төлемеді деп өлмек болған. Таразда 29 жастағы азамат өзі жұмыс істейтін өндіріс орнының басшысы «алған жарақатым үшін ақша бермеді» деп суицид жасауға оқталған.
Автор: Руслан Әбдіхалық
09.03.2021
Ол қараусыз тұрған бес қабатты нысанның төбесіне шығып, құлаймын деп қорқытты. Алайда оқиға орнына шұғыл жеткен тәртіп сақшылары қайғылы жағдайдың алдын алды. Олар өмірден баз кешкен азаматты ақырындап әңгімеге тартып, жанына жақындап барып шап беріп ұстап қалған. Суицид жасамақ болған жігіттің қандай кәсіпорынның жұмысшысы екені айтылмады.
29 жастағы азамат зауытта өндірістік жарақат алған. Басшысы оған өтемақы беруден бас тартыпты. Сол үшін ол өмірімен қоштасуға бел буған. Құтқарылған жергілікті тұрғын ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер бақылауына алынды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!