{metadescription}
Алматы мектептері оқытудың аралас форматына ауыстырылды
Алматы мектептері оқытудың аралас форматына ауыстырылды

Алматы мектептері оқытудың аралас форматына ауыстырылды

Алматы мектептері оқытудың аралас форматына ауысты. Бүгіннен бастап 1-5 сынып оқушылары пәндердің 70 пайызын мектепте, ал қалған 30 пайызын қашықтан оқиды. Алайда ата-аналардың тек онлайн оқуды таңдай алатын құқығы бар. 

Қала мектептерінде таңнан бері қарбалас. Білім ошақтары балаларды санитарлық талапты сақтай отырып оқыта бастады. Әр сыныпта 25 баладан аспауы тиіс. Сондай-ақ халықаралық мектептердің 7-сыныпқа дейінгі оқушылары да аралас форматпен білім алады. Ұстаздардың айтуынша, ұл-қыздарын мектепке жібермей, қашықтан оқи беруді таңдаған ата-аналар өте көп екен. Тіпті шаһардағы 1-5 сынып оқушыларының жартысы да мектеп партасына отырмапты. Мұғалімдер тек онлайн оқып жатқан балалар кейін оның зардабын тартады деп алаңдайды.

Алматы қаласының білім басқармасы:

- Бүгін оқытудың аралас форматына оқушылардың 41% көшті. Нақтырақ айтсақ, қалада 150 мыңнан астам 1-5 сынып оқушылары болса, оның 60 452-і мектепке келді. Қалғандары тек онлайн форматты таңдады. Алайда бұл көрсеткіш күннен-күнге көбейеді деген үміттеміз. Ата-аналар балаларының денсаулығына алаңдайды. «Коронавирус жұқтырып ала ма» деп қорқады. Сондықтан олардың шешіміне қарсы шықпаймыз. Әркімнің таңдау еркі бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.