{metadescription}
COVID-19: Қазақстан «жасыл» деңгейге өтті
COVID-19: Қазақстан «жасыл» деңгейге өтті

COVID-19: Қазақстан «жасыл» деңгейге өтті

Еліміз әлем елдері арасында коронавирус таралу қаупі бойынша «сарыдан» «жасыл» деңгейге өтті. Алайда республика аумағында қауіптілігі орташа аймақта әлі де Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары мен Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстары тұр.

Науқастар санының өсуіне байланысты елорда «қызыл» аймаққа өту қаупі бар. Бір тәулікте COVID-19 571 адамнан анықталып, 4 адам коронавирус пневмониясымен тіркелді. Ал аталмыш індеттен 9 науқас ажал құшты. Оның екеуінің өкпесі қабынып қайтыс болған. Осылайша жалпы саны 219 мыңнан аса отандасымыз ауыр дертті жұқтырса, оның 203 мыңға жуығы індетті жеңіп шыққан. Өкінішке қарай, 2800-ден астам адам қауіпті кеселден көз жұмған. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде