{metadescription}
Жаңаөзен: 28 теңгелік газ неліктен 60 теңгеден сатылады?!
Жаңаөзен: 28 теңгелік газ неліктен 60 теңгеден сатылады?!

Жаңаөзен: 28 теңгелік газ неліктен 60 теңгеден сатылады?!

Автогаз қымбаттамасын! Жаңаөзенде бір топ тұрғын мен сервистік мекеме қызметкерлері наразылық білдірді. Олар бұрын литрі 50 теңге болған сұйылтылған газдың қазір 60-70 теңге аралығында сатылып жатқанына қарсы. Әкімдік алдына жиналған белсенділер: «Өзіміз өндіретін сұйытылған газ бағасын өсіруге келіспейміз», - дейді.

28 теңгеден алынған газ неліктен 60 теңгеден сатылады? Ол газды шығарып отырған осы жүрген азаматтар. Осы кісілердің қолымен, осы кісілердің денсаулығымен өндірілген газды не үшін мен Атыраудағы бағамен, Көкшетаудағы бағамен алуым керек?

Наразы топ осыдан екі-үш апта бұрын облыс әкімдігінен бастап, министрлікке дейін хат жазып, өкілдерімен кездескен. Олар көлікке құятын көгілдір отынның бағасы мемлекет тарапынан қадағаланбайтын жеткізді. Мұнымен келіспеген жұрттың талабы – автогазды 45-50 теңгеден асырмау. Қазір Жаңаөзенде 60 мыңнан аса көлік бар. Оның 10 папйызы бензинмен, қалғаны сұйытылған газбен жүреді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде